Шымкентте балаларды құтқарған өрт сөндірушілер марапатталды

0
927

Қос құтқарушы 4-5 жасар бүлдіршіндерді аман алып қалды.


Шымкентте балаларды құтқарған өрт сөндірушілер марапатталды

Бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов оқыс оқиға кезінде екі баланы құтқарған өрт сөндірушілерді марапаттап, қала әкімінің Алғыс хатын табыстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

№5 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Марат Әліпбаев пен Арман Махмұт қою түтінге оранған пәтердің ішіннен 4-5 жасар бүлдіршіндерді шұғыл түрде қауіпсіз жерге шығарып, өміріне араша түскен болатын.

Айта кетейік, 10 қазанда «101» диспетчерлік қызметіне Төлеметов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен өрт шыққаны туралы хабарлама келген.
Оқиға орнына тез арада жеке құрамнан 37 адам, 7 өрт сөндіру техникасы жіберілген. Өрт сөндірушілердің жедел іс-әрекетінің арқасында қайғылы жағдайға жол берілмеді.