​Шымкентте «БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» жаңа ғимараты ашылды

0
54

Орталықта демалушыларға қолайлы жағдай жасалған: үстел теннисі, шахмат пен дойбы ойыны алаңдары, дәрігерлік қабылдау бөлмесі мен шунгит, тұз кеніші және сенсорлық бөлмелерден тұратын емдік аймақтар бар.


​Шымкентте «БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» жаңа ғимараты ашылды

Шымкент қаласында Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Арман Сәбитов, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов, «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының бас директоры Альфия Адиева, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева, ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев, сондай-ақ, қоғамдық ұйымдар мен демеуші мекемелердің өкілдері қатысты.
Мәртебелі қонақтарға қазақ халқының ұлттық тағамдары ұсынылып, халықаралық фестивальдің Гран-при иегері атанған «Жеті қазына» би тобы «Кесе» биін орындады. Сонымен қатар, «Асыл Арман» әжелер тобы «Белсенді әжелер» дефилесін көпшілік назарына ұсынды.
Орталықта демалушыларға қолайлы жағдай жасалған: үстел теннисі, шахмат пен дойбы ойыны алаңдары, дәрігерлік қабылдау бөлмесі мен шунгит, тұз кеніші және сенсорлық бөлмелерден тұратын емдік аймақтар бар. Ғимараттың екінші қабатында араб тілі кабинеті, йога залы, физикалық және массаж кабинеттері, еңбек терапиясы бөлмесі орналасса, үшінші қабатта психолог кабинеті, кітапхана, арт-терапия бөлмелері (құм терапиясы, гончар және сурет), сондай-ақ, кинозал жұмыс істейді.
Жаңа ғимарат – зейнет жасындағы азаматтардың белсенді өмір салтын ұстануына, денсаулығын нығайтуына мүмкіндік береді және әлеуметтік ортаға бейімделуіне бағытталған маңызды әлеуметтік бастаманың бірі.
Айта кетейік, бұған дейін Дулати, 36 мекенжайында қызмет көрсетіп келген орталық Дулати көшесі, 64 мекенжайындағы жаңа ғимаратқа ауысты.
Бөлісу