Шымкентте бес жұлдызды қонақ үйдің құрылысы басталды

0
376

Қонақ үйде 167 бөлме, ballroom, мейрамханалар, фитнес-орталық және бірнеше конференц-зал бар.


Шымкентте бес жұлдызды қонақ үйдің құрылысы басталды

Шымкент қаласында тағы бір бес жұлдызды қонақүй салынып жатыр.

Жаңа заманауи қонақ үйлердің пайда болуы қалаларды тартымды етіп, туризмнің дамуына айрықша серпін береді.

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков әйгілі "Hilton" халықаралық желісінің қонақ үйінің құрылысы аумағында капсула салу рәсіміне қатысты. Шымкен сити шағынауданында бой көтерген бес жұлдызды қонақ үйді 2026 жылы ашу жоспарлануда.
Мегаполис басшысы қонақ үй кешенінің жобасымен танысып, оның құрылысын бастауды тапсырды.
"Мұндай нысандар туристік әлеуетті дамытуда ғана емес, қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыруда да маңызды. "Hilton" - әлемге әйгілі бренд. Болашақта қонақ үй қаламызды толықтырып, туристер мен барлық қонақтар үшін тартымды етеді", - деді Г.Сыздықбеков.
Қонақ үйде 167 бөлме, ballroom, мейрамханалар, фитнес-орталық және бірнеше конференц-зал бар. Құрылыстың арқасында 200-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады.
Сонымен қатар, қала әкімі ұлттық стильде салынған "Qazaq Hotel" қонақ үйіне барды. Жобаны іске асыру нәтижесінде 30 жұмыс орны құрылды. Жаңа қонақ үйде 64 заманауи және жайлы бөлмелер бар. Қонақтардың жайлылығы үшін қосымша қызметтер – мейрамхана, SPA-салон, конференц-зал және автотұрақ қарастырылған.

Ақпарат үшін айта кетсек, Hilton – құрамына әртүрлі санаттағы 17 қонақүй бренді кіретін дүние жүзіне әйгілі қонақүйлер желісі. Әлем бойынша бұл желіге 6000-ға жуық қонақүй кіреді.

Бұған дейін әлемге әйгілі қонақүй желісі Түркістан қаласында Hampton by Hilton Turkistan – BI Group пен Hilton Worldwide арасындағы екінші бірлескен жоба жасап, қонаүйін ашқан болатын. Холдинг Астана қаласында 2017 жылы Hilton Astana қонақүйін салған еді.

Бөлісу