Шымкентте білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелі азаймай тұр

0
534

Тамыз конференциясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды.


Шымкентте білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелі азаймай тұр

Шымкентте тамыз конференциясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін Шымкент қаласында «Сапалы білім беру – қоғам дамуының негізгі факторы» атты қалалық білім саласы қызметкерлерінің тамыз кеңесі өтті. Білім беру саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды күшейту мәселелерін талқылау мақсатында аталған шараға «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Жани Қамбар қатысты.
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда, оның ішінде жастардың бойында адалдық, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Оның айтуынша, білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Адал ұрпақ» және «Саналы ұрпақ» мектеп және студенттік клубтары жұмыс жасауда және жыл сайын мүшелерінің саны артуда.
Сонымен қатар, жастар үшін белгілі тұлғалардың өміріне негізделген «Адалдық сағаты» онлайн-сабақтары әзірленіп, студенттер мен оқушыларға кеңінен көрсетілуде.
Осы бағытта, қаланың белсенді жастарымен бірлесе сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыптарында брейн ринг, пікірсайыс және Kahoot-платформасында интеллектуалды ойындар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.
Қолға алынған алдын алу шараларына қарамастан, білім беру саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері сейілмей тұрғандығына тоқталған Жани Қамбар, бұл бағытта ашықтықты қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша бірлесе жұмыс жасауға барша қатысушыларды шақырды.