Жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетілді.
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында 1 мамыр – халқымыздың бірлігі күні кеңінен атап өтілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгінде елімізде 136 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату - тәтті ғұмыр кешіп келеді.
Мерекелік кеш бір шаңырақ астына шоғырланған өнер иелерінің мың бұралған биімен басталып, әсем әндермен жалғасты.
Жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетілді.