Шымкентте бірнеше үйдің тұрғындары сусыз қалды

0
949

Жарылған құбыр өткен ғасырдың 60-шы жылдары жүргізілген.


Шымкентте бірнеше үйдің тұрғындары сусыз қалды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласындағы Жаңа шахар шағынауданының аумағында су құбыры жарылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Аталған аумақтағы апат орнына келген мамандар су құбырының әбден тозығы жетуі салдарынан жарылғанын анықтаған. Осыған орай Абай аудандық су жүйесінің басқармасы Гагарин көшесіндегі су магистралін жөндеуді қолға алды.

Сондай-ақ, «Су ресурстары-маркетинг» ЖШС жарылған құбыр өткен ғасырдың 60-шы жылдары жүргізілгенін айтты. Ал, жауапты мамандар таңғы сағат 6.00 шамасында құбыр жарылып, сусыз қалған тұрғындарға жақын уақытта жөндеу жұмыстарын аяқтап,су беруге уәде етті.