Ал 9-сыныпты 22 мыңға жуық оқушы бітірмек.
ERNUR.KZ. Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің Өңірлік коммуникациялар қызметінде Шымкент қаласы Білім басқармасының басшысы Нұргүл Ақылбекқызы Шәмшиева 2023-2024 оқу жылының аяқталуы және каникул кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және еңбекпен қамтуын ұйымдастыру туралы брифингі өтті.
Нұргүл Ақылбекқызының айтуынша, биыл Шымкент қаласында 11 сыныпты 13 286 оқушы, 9 сыныпты 21 780 оқушы бітіреді. (2022-2023 оқу жылы бітіруші саны 11 сыныпта 11 653 оқушы, 9 сыныпта 21 485 оқушы болған).
Қалада 275 орта білім беру ұйымы бар, оның 272-сінде (3 мектептің (Damu education, Samal Primary, Cүйінші) жұмысы уақытша тоқтатылған) 259 147 оқушы білім алуда. Мемлекеттік 150 мектепте 206 177 оқушы, жекеменшік122 мектепте 52 970 оқушы оқиды (2022-2023 оқу жылы 246 мектепте249 544оқушы оқыған).
Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрінің 2024 жылғы30 сәуірдегі №05-1-05-4/3005-И хатына сәйкес мамыр айы «ЫНТЫМАҚ АЙЫ» болып жарияланды. Айлық аясында:
3-мамыр «Таза Қазақстан» челенджі (1-11 сынып);
10-мамыр «Игі істер» акциясы (1-11 сынып);
17-мамыр «Каникулда кітап оқиық» буккросингі (1-11 сынып) өткізілсе,
24-мамыр «Білімім-Отаныма» бірыңғай тәрбие сағаты(1-11 сынып);
24-мамыр «Мен. Мектеп. Ұстаз» эссе жазу (9-11 сынып) іс-шаралары өтетін болады.
Ал 25 мамыр күні 11-сыныпты бітіруші 13 286 түлекке соңғы қоңырау іс-шарасы ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, білім басқармасының басшысы биылғы жылдың түлектері аталған іс-шараны жоғары мәдениеттілікпен, ысырапшылдықсыз, даңғазалықсыз, рухани адамгершілік деңгейінде өткізілетіндігін жеткізді
25 мамыр күні білім беру ұйымдарында «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбында мектеп бітірушілер іс-шарасы өткізіледі.