2025 жылы қалада сапалы электрмен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетпек.
Шымкент қаласында биыл 7 елдімекен сапалы электрмен қамтылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкентте 81 елді-мекеннің 65-і сапалы электрмен қамтылса,16-сы жарықты жекеменшік жүйеден алады.
Биыл электрмен қамту үшін 11,4 млрд. теңгеге 4 қосалқы станция мен 16 елді-мекенде ішкі жүйелерінің құрылысы жүруде. Жыл соңына дейін Ақжар, Жалын, Достық, Ынтымақ-2, Айкөл, Игілік және Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабында құрылыс аяқталып, 21 мыңнан аса халық сапалы электрмен қамтылады. Нәтижесінде қамту көрсеткіші 95%-дан 97%-ға жетеді.
Ал, Жаңаталап, Қайнар бұлақ , Солтүстік саяжай, Достық, Бозарық-2, Батыс, Тұран, Нұртас және Сәуле шағын аудандары 2022 жылға өтпелі. Яғни келесі жылы аяқталады.
Қаланың даму жоспарына сәйкес 2021-2025 жылдар аралығында 6 қосалқы станцияны пайдалануға беру жоспарланған. Шаһарда 2023 жылы Қызылсу 220кВ және ВЛ 220 кВ қосалқы станциясының құрылысы басталса, 2024 жылы Оңтүстік 220кВ, Тұран 110кВ, Ипподром 110кВ, Шымсити 110к станциялыраның құрылысы жүргізіледі.
Аталған жұмыстар жүзеге асырылғанда 2025 жылы қалада сапалы электрмен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетпек.