Биыл Шымкентте 900-ден аса отбасы баспаналы болады

0
2 731

Соңғы 3 жылда 6 497 азамат баспаналы болды.


Биыл Шымкентте  900-ден аса отбасы баспаналы болады

Шымкентте 900-ден аса отбасы баспаналы болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өткен жылы 42 094 азамат үй кезегіне тіркелген. Оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы аналар, әлеуметтік әлсіз топтар мен өзге статустағы азаматтар бар.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында соңғы 3 жылда 6 497 азамат баспаналы болды. Несиелік негізде 3209 адам пәтерлі болса, 2384 азамат азамат жалдамалы пәтермен қамтылған. «Жастар» бағдарламасы бойынша 904 жасқа пәтер кілті берілді.

Биыл сатып алу құқығынсыз 976 пәтер кілтін үлестіру жоспарланып отыр. Оның ішінде 300 пәтер «Жастар» бағдарламасы бойынша жұмыс істеп жүрген жастарға, 378 пәтер көпбалалы отбасыларға, 298 пәтер кілтін әлеуметтік әлсіз топтағы азаматтарға табыстау көзделген.

Сондай-ақ, тұрғын үй кезегіне тұрған азаматтарға 2021-2023 жылдары 2835 пәтерді үлестіру жоспарланып отыр.