Аталған жәрмеңкенің мақсаты - тұрғындарға мемлекеттік бағдарламаның тиімділігі мен жұмыспен қамту шаралары жөнінде түсіндіру.
Бүгін Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Абай ауданы мамандарының ұйымдастыруымен және "Халықты жұмыспен қамту орталығы" мамандарымен бірлесе отырып "Бос жұмыс орындары" жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аталған жәрмеңкенің мақсаты - Абай ауданында тұратын тұрғындарға мемлекеттік бағдарламаның тиімділігі мен жұмыспен қамту шаралары жөнінде түсіндіру. Сонымен бірге, "Жастардан жастарға -ақпараттық керуен" жобасы аясында өз мамандығы бойынша жұмыс іздеп жүрген жұмыссыз жастарды «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысуға шақыру.
Жәрмеңкеге келіп үлгермеген азаматтар аудандық, қалалық жұмыспен қамту орталығының бөлімшелеріне барып, мамандарына жүгіне алады.