Жараланған ер азамат жансақтау бөлімінде.
Шымкентте дәмханаға келген ер адамға оқ атқан күдіктілер іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап
"Шымкентте дәмханаға келген тұтынушыға оқ атылды. 7 қазан сағат 04:30 шамасында Әл-Фараби АПБ-на қалалық ауруханаға оқ жарақатымен ер адам жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті. Дерек ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі 99-бабы “Адам өлтіруге оқталу" бойынша СДТТБТ-не тіркелді", - делінген хабарламада.
Тергеу барысында кафелердің бірінде белгісіз тұлғалар қарудан оқ атып, келушіні жарақаттап, оқиға орнынан бой тасалағаны анықталды. Жараланған ер азамат жансақтау бөлімінде.
Жедел-іздестіру шараларының барысында полицейлермен ВАЗ-21014 автокөлігі анықталып, оның салонында екі қару табылды. Қазіргі уақытта күдіктілерді ұстау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Аталған іс қалалық прокуратура мен полиция департаменті бастығының жеке бақылауына алынды.