Шымкентте егістік алқаптардан мол өнім жиналуда

0
132


Шымкентте егістік алқаптардан мол өнім жиналуда

Шымкент қаласында биыл 26,5 мың гектар жерге дақылдар егілген.

Атап айтқанда, дәнді дақылдар – 10,9 мың га (бидай – 10,3 мың га, арпа – 0,6 мың га), майлы дақылдар – 3,0 мың га, мал азықтық дақылдар – 9,0 мың га, көкөніс пен бақша – 3,1 мың га, картоп – 0,5 мың га егілген. Жыл соңына дейін егістік алқаптардан 86 мың тонна өнім жиналады деп жоспарлануда. Қазірдің өзінде 66,5 мың тонна өнім жиналған.

Сонымен қатар, қысқы маусымға 307 мың тонна мал азығы дайындалды. Бұл белгіленген жоспардың 93%-ын құрап отыр.
Көктемгі егіс жұмыстарына 35,9 тонна дизель отыны бөлініп, толығымен үйлестірілді.
Күзгі егін жинау жұмыстарына 104,5 тонна дизель отыны бөлініп, шаруашылықтарға үйлестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу