Шымкентте екі баланың мәйіті канал мен науадан табылды

0
899

Жыл басынан бері қалада жеке үйлерде орнатылған қаңқалы бассейндерде, суару каналдарында, субұрқақтарда болған 7 жазатайым оқиға тіркелді.


Шымкентте екі баланың мәйіті канал мен науадан табылды

Шымкент қаласында қараусыз қалған екі баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы ТЖД дағдарыс жағдайларын басқару басқармасына 05 тамызда сағат 13.15-те Қаратау ауданы Геологтар саяжайында Новостройка көшесіндегі жазатайым оқиға туралы ақпарат "103" қызметінен келіп түсті. Суару каналында туысы белгісіз жағдайларда суға түсіп, суға батып кеткен 2021 жылы туған баланың мәйітін тауып, судан алып шығарған. Бала ата-анасының қарауынсыз боған. Суару каналының тереңдігі 50 см, ені 1,5 м.

Екінші жазатайым оқиға туралы ақпарат 07 тамызда сағат 15.20-да "103" қызметінен келіп түсті. Абай ауданының Алматы тас жолы бойында қалалық тазарту жүйесінде (науа) өтіп бара жатқан адамдар 2022 жылы туған қыздың мәйітін тапты, ол белгісіз жағдайларда науаға түсіп, суға батып кетті. Бұл бала да ата-анасының қарауынсыз қалған. Тазарту жүйесінің тереңдігі 40 см, ені 1 м.

Жыл басынан бері қалада жеке үйлерде орнатылған қаңқалы бассейндерде, суару каналдарында, субұрқақтарда болған 7 жазатайым оқиға тіркелді. Барлық жағдайда балалар ата-аналарының қарауынсыз болды.

Құрметті ересектер: балалардың өмір қауіпсіздігі көп жағдайда Сізге байланысты! Балалардың қаза болуына жол бермеу мақсатында Сізге мынадай өтінішпен жүгінеміз: табиғи және жасанды су айдындарындағы жүріс-тұрыс ережелері және оларды бұзудың салдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Осымен сіз балаларыңыздың судағы жазатайым оқиғаларын алдын аласыз, бұл сіздің балаларыңыздың бүгінгі және ертеңгі өмірін аман алып қалады. Балаларды қараусыз қалдырмаңыз, сақ болыңыз!