Шымкентте екі нысан сот шешімімен бұзылды

0
1 672

Заңсыз құрылыс жүргізген 128 тұлға айыппұл салынды.


Шымкентте екі нысан сот шешімімен бұзылды

Шымкент қалалық Орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Ғалымжан Өтенов басқарманың 2020 жылы атқарған жұмыстарын қорытындылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ғалымжан Әмірбекұлының мәлімдеуінше 2020 жылға басқармаға бөлінген қаржы 116,5 млн теңгені құраса, 11 айда оның 98,7% игерілді.
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңы мен жер кодексінің талаптарын бұзғаны үшін 128 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып 31,7 млн.теңгеге айыппұл салынды. Қазіргі таңда өз бетімен салынған 15 құрылыс нысанының екеуі сот шешімімен бұзылса, қалғандары бойынша істер Шымкент қаласы Әділет департаментінің сот орындаушылар бөлімінде орындалуда.
- 2020 жылы басқарма тарапынан құрылыс жүргізуге 125 лицензия берілсе, 242 лицензия керісінше беруден бас тартылды. Басқармаға 3600 хат келіп түссе, соның 3570-і орындалды, - деді Ғ.Өтенбаев.