Шымкентте “Еңбек қатынастары“ аясында семинар-кеңес өтті

0
327

Кеңес отырысында өзекті мәселелер талқыланды.


Шымкентте “Еңбек қатынастары“ аясында семинар-кеңес өтті

Шымкент қаласында мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының ұйымдастыруымен «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Б.Әлтеевтің қатысуымен, «Тассай» индустриалды аумағында орналасқан өндірістік кәсіпорындарының өкілдерімен «Еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» мәселелері бойынша семинар кеңесі өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кеңес отырысында, Шымкент қаласының Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша (үш жақты) комиссияның төрағасы М.Әйтеновтің 2021 жылғы 2 қарашадағы комиссия отырысында, кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігінің сақталуы, еңбекті қорғау шараларының тиімділігін арттыру, өндірістегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша халықаралық және ұлттық стандарттар енгізудің, қызметтерін декларациялаудың маңыздылығын белсенді түсіндіру жөніндегі берілген тапсырмасына орай, заңнама талаптары түсіндіріліп өзекті мәселелер талқыланды.