Шымкентте эпизоотиялық ахуал тұрақты

0
587

"Сібір жарасы" ауруына күдікті жануарлардан (етінен және топырақ) сынамалар алынды.


Шымкентте эпизоотиялық ахуал тұрақты

Шымкент қаласында қазіргі таңда эпизоотиялық ахуал тұрақты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Осы жылдың 6 қыркүйек күні ұялы сымтетік арқылы Шымкент қаласы Абай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасынан Абай ауданы, Жиделі шағын ауданынан 4 адам «Сібір жарасы ауруына» күдікті диагнозымен ауруханаға түскендігі туралы хабарлама келген.

Осы ретте тиісті мекемелерден жауапты мамандар аталған мекен-жайға зерделеу жұмыстарын жүргізген.
Шымкент қаласының тұрғыны А.Орынбасарованың мәліметінше, Сайрам ауданы Ақсукент ауылында тұратын жездесі М.Панбаев Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Амантай-Талап ауылындағы жайылымнан аяғы сынған жылқысын алдырып, сойған. Сойылған малды 17 жілікке бөліп, қала аумағында таратқан.
Сонымен қатар, «Сібір жарасы» ауруына күдікті жануарлардан (етінен және топырақ) сынамалар алынып, өңірлік ветеринариялық зертханаға жолданған. Сондай-ақ, тұрғындардың тоңазытқышындағы еттер сынама нәтижесі шыққанға дейін аумақтық инспекция тарапынан мөрленіп, бекітілген.
Өңірлік ветеринариялық зертханасының сараптама актісіне сәйкес сынамалар «теріс» нәтиже көрсетті. (17.09.2021 жыл №SO-21-X (02)-3330-A-D топырақ, 17.09.2021 жыл №SO-21-X (02)-3329-A-D ет кесіндісі).