ШЫМКЕНТТЕ ЕРЕКШЕ БАЛАЛАР ҚАТЫСУЫМЕН КОНЦЕРТТІК ІС-ШАРА ӨТТІ

0
42

«Қолшатыр астында – бәріміз теңбіз!»


ШЫМКЕНТТЕ ЕРЕКШЕ БАЛАЛАР ҚАТЫСУЫМЕН КОНЦЕРТТІК ІС-ШАРА ӨТТІ

Бүгін - Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні. Осыған орай, Шымкент қаласының Білім басқармасына қарасты «Қамқорлық» оңалту орталығы «Мен және отбасым» атты мерекелік іс-шара өткізді.

Іс-шараның басында қызмет алушы балалардың бетіне көк түстен жүрек, тамшы, шеңбердің суреті салынып, ерекше балалардың өзі үстел мольбертінде еркін тақырыпта сурет салды. Сонымен қатар, орталық мамандары емделуші балалармен бірге «Я, ты, он, она – вместе дружная страна» флешмобын биледі. Сондай-ақ, АФК мамандары балалармен спорттық ойындар өткізсе, дефектологтар «Әртүрлі болсақ та, біз біргеміз!» атты қойылым қойды.
Мерекелік іс-шара психолог мамандарының ата-аналарға өткізген «Қолшатыр астында – бәріміз теңбіз!» тренингімен жалғасып, ерекше қыздардың «До, ре, ми» биімен аяқталды. Кеш соңында демеушілер тарапынан сыйлықтар табысталды. ⠀⠀
Айта кетейік, «Қамқорлық» оңалту орталығы 2022 жылдан бері қызмет көрсетіп келеді. 150 балаға арналған орталықта бүгінгі күні 130-ға жуық ерекше бала ем алуда. Сондай-ақ, бұл орталық 3 жас пен 18 жас аралығындағы балаларды қабылдайды. Қазір ем алып жатқан балалардың ең кішісі – 4-те болса, ең үлкені – 17 жаста. Ал, ашылғаннан бері 400-ге жуық бала осы орталықтың көмегіне жүгінген.
Бөлісу