Cертификаты жоқ жүргізушілер қоғамдық көлікті басқару қызметіне орналаса алмайды.
Шымкентте қоғамдық көлік жүргізушілері 5 күндік оқу курсына қатысып, арнайы мамандардардан «жолаушыларды тасымалдау ережесі» бойынша білім алады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Курсқа қатысқан жүргізушілер қызметтік тәртіпті сақтау, жолаушыларға сыпайылық таныту мен психологиялық дайындық және келеңсіздік тудырмайтындай жағдай жасауды үйренеді. Оқудан өткендерге міндетті түрде сертификат беріледі. Ал сертификаты жоқ жүргізушілер қоғамдық көлікті басқару қызметіне орналаса алмайды.
Сертификат табысталғаннан кейін жүргізуші тарапынан еңбек тәртібін бұзу жағдайы орын алса, қайта аттестациалаудан өту міндеттеледі. Этикалық нормалар мен еңбек тәртібін бірнеше рет бұзғандар қызметтен босатылады.
Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов «Instagram» желісінде тікелей эфир арқылы тұрғындармен кездесуінде мәлімдеді.