Шымкентте этноауыл аумағында өрт шықты

0
650

Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.


Шымкентте этноауыл аумағында өрт шықты

Шымкент қаласындағы этонауылда өрт шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

26 тамыз күні түнгі сағат 00.49-да «101» басқару пультіне Әл-Фараби ауданы, Сапақ Датқа көшесі бойында орналасқан құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан «Шымқала» этноауыл аумағында өрт шыққаны туралы хабар келіп түскен.

Өрт сөндіру бөлімдері шақыру жеріне 7 минутта жетіп келген. Оқиға орнында этоноауыл аумағында орналасқан көлемі 80 шаршы метр бастырма және көлемі 8 шаршы метр қораның қамыс төбе жаппасы жанғандығы анықталған.

Өрт сағат 01:10-да оқшауланып, сағат 01:19-да толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себептері анықталуда.

Оқиға орнына Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар Департаментінің Өрт сөндіру қызметінің 25 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылды.