Шымкентте әйелдер істері жөніндегі комиссия отырысы өтті

0
564

Мәжіліске құзырлы мемлекеттік орган басшылары және жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.


Шымкентте әйелдер істері жөніндегі комиссия отырысы өтті

Шымкент қаласы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қала әкімінің бірінші орынбасары, комиссия төрағасы Шыңғыс Мұқанның жетекшілігімен өткен мәжіліске құзырлы мемлекеттік орган басшылары және жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Шыңғыс Жұмабекұлы жиналысқа қатысушыларды мемлекеттіліктің тұғыры болған Тәуелсіздік күнімен құттықтап, Мемлекекетіміздің қалыптасуы мен дамуындағы әйелдер ролін ерекше атап өтті.
«Еліміз егемендікке қол жеткізген тұста нәзік жанды аруларымыз от басы, ошақ қасында қалып қоймай, еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласты. Бүгінгі таңда Қазақстан әйелдері әлеуметтік жобаларды әзірлеп, іске асыруда, заңнамалық актілерді талқылап, қабылдауда, кәсіпкерлік қызметте белсенділік танытып келеді. Әйелдердің мұндай ұстанымын мемлекет те қолдап, ынталандырып отырады. Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттер мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардан қазақстандық отбасылардың әл-ауқатын жақсарту және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту үшін жоғары жауапкершілік пен үйлесімді іс-қимылды талап ететінін атап өтті», - деді комиссия төрағасы.
Комиссия отырысында Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі М.Алтаевтың, Шымкент қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ИЧ-167/4 мекемесінің басшысы, әділет подполковнигі А.Адильбекованың, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі Ж.Әлжанованың, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б.Нарбекованың және Абай ауданы әкімінің орынбасары, аудандық комиссия төрағасы Ғ.Көшікбаевтың баяндамалары тыңдалды.
Жиын қорытындысы бойынша күн тәртібінде қаралған мәселелер мен хабарламалар негізінде іскер әйелдерге қолдау көрсету, әйелдердің қоғамдық бастамаларын ілгерілету, отбасылылық тәлім-тәрбиені жолға қою сынды мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар берілді.