Шымкентте индустриалды 10 жоба іске қосылды

0
1 519

Қалада агро-өнеркәсіпті инвестициялау және несиелендіру жұмысы табысты жүзеге асырылған.


Шымкентте индустриалды 10 жоба іске қосылды

Шымкент қаласында агро-индустриалды аймағы жобасы аясында жылыжай кешенін салу жоспарланған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қала аумағынан 136 га жер бөлініп, бүгінде құрылыс жұмысы басталған. Жобаның толық іске қосылуы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде 8 инвесторға 30 га жерге жылыжай салу үшін 12 жылға жалға берілді. Ал, екінші кезеңде 60 га жерге 20 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Шаһарда іске асырылатын жобаның бірі - ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы.
Қайнар бұлақ тұрғын алабы маңында іргесі қаланып отырған аймақта биологиялық қоспалары бар құнарлы құрама жем («Tengri World» ЖШС) және сүт өндіру зауытын салу («Балмұздақ»ЖШС) жоспарланған. Сондай-ақ, шет ел инвесторларымен бірлесе сүт, ет, жеміс пен көкөністі қайта өңдейтін, консервілейтін жобаларды іске асыру көзделген.
Сонымен қатар, Шымкентте жыл басынан бері қалада агро-өнеркәсіпті инвестициялау және несиелендіру жұмысы табысты жүзеге асырылған. Биыл осы салада жалпы құны 7,6 млрд теңге болған 18 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып, бүгінгі таңда жалпы инвестиция құны 5,3 млрд теңгеге 10 жоба толығымен іске қосылды. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы және тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға 7,3 млрд теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың 11 айымен қалыстырғанда 3,0 млрд теңгеге өскен.