Шымкентте инженерлік желілер жаңарып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасалуда

0
121

Кәріз жүйесін дамыту бағытында да жұмыстар жалғасуда.


Шымкентте инженерлік желілер жаңарып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасалуда

Шымкент қаласында коммуналдық қызметтерді жетілдіру және инфрақұрылым сапасын арттыру бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Табиғи газ, жылу, кәріз жүйелері мен көше жарықтандыру салаларында нақты нәтижелер бар.

Бүгінде қаладағы 81 елді мекеннің 66-сы табиғи газбен толық қамтылған. 2025 жылы 10 елді мекенде газ жүйелерінің құрылысы жүргізіліп, 22 мыңнан астам тұрғын газға қосылу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар, Тассай елді мекенінде ұзақ уақытқа созылған газ жүйесінің құрылысы толық аяқталды. Нәтижесінде қамту деңгейі 98%-ға жетті.
Газ желілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Пергам» типті жылжымалы диагностикалық қондырғысы сатып алынып, 107,3 шақырым құбырға тексеру жүргізілді. Анықталған ақаулар толық жойылып, жүйенің сенімділігі артты.
Жылумен қамтамасыз ету саласында да жаңа технологиялар енгізілуде. Құбырішілік диагностика әдісі арқылы жылу желілерінің техникалық жағдайы бағаланып, жөндеу шығындарын азайтуға мүмкіндік берілді. Бұл тәсіл апаттардың алдын алуда тиімділігін көрсетіп отыр.
Кәріз жүйесін дамыту бағытында да жұмыстар жалғасуда. Қазіргі таңда 27 елді мекен су бұру жүйесімен қамтылған. 2025 жылы бірқатар елді мекендерде кәріз желілері салынып, алдағы жылдары бұл бағыттағы жұмыстар кеңейтіледі. Қала көшелерін жарықтандыру мәселесі де толық шешімін тапты. Соңғы жылдары атқарылған жұмыстар нәтижесінде Шымкент қаласы 100% сыртқы жарықтандырумен қамтылып, бұл тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын арттырды.
Жалпы, атқарылып жатқан жұмыстар қаланың инженерлік және коммуналдық жүйелерін жаңғыртып, тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.
Бөлісу