Шымкентте карантиндік шектеу шаралары тағы да күшейтілді

0
414

Қоғамдық тамақтану объектілерінің сенбі жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынды.


Шымкентте карантиндік шектеу шаралары тағы да күшейтілді

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында карантиндік шектеу шаралары тағы да күшейтілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысында айтылды.

Жаңа қаулыға сәйкес, сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтері, косметологиялық қызмет көрсететін орындардың сенбі жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынды.

Ashyq-қа қатысатын объектілерді қоспағанда, қалааралық, облысішілік, қалалық тұрақты және тұрақты емес (туристік) автобус және микроавтобус тасымалдары уақытша тоқтатылады. Жабық жағажайлар мен аквапарктардың, аттракциондардың қызметі шектеледі.

Сонымен қоса, қоғамдық тамақтану объектілері жұмыс күндері сағат 17:00-ге дейін (Ashyq қатысушылары - сағат 20:00-ге дейін) жұмыс істейді және сенбі жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады.

СПА-орталықтар мен бассейндер сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін шектеумен, сенбі жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады.