Шымкентте қатты қалдықты өңдейтін заманауи кешен салынуда

0
80

Жобаны 2026-2028 жылдары іске асыру жоспарлануда.


Шымкентте қатты қалдықты өңдейтін заманауи кешен салынуда

Шымкент қаласында тұрмыстық қатты қалдықты заманауи технологиялар арқылы өңдеп, электр энергиясын өндіретін ірі инвестициялық жобаның құрылысы басталды.

Shaanxi Construction Engineering Kazakhstan Co., Ltd. компаниясы жүзеге асыратын жоба аясында компанияға 12 гектар жер телімі бөлініп, қажетті инфрақұрылым жүргізілді. Аумақ электр желісімен қамтамасыз етіліп, толық қоршалды.
Жобаның негізгі көрсеткіштері:
• инвестиция көлемі – шамамен 54 млрд теңге;
• тәулігіне 1000 тоннаға дейін тұрмыстық қалдық өңдеу;
• жылына – 365 мың тонна қалдықты кәдеге жарату;
• термиялық өңдеу арқылы 24 МВт-қа дейін электр энергиясын өндіру;
• кемінде 80 тұрақты жұмыс орнын ашу.
Жобаны 2026-2028 жылдары іске асыру жоспарлануда.
Кешеннің іске қосылуы Шымкент қаласында қалдықты басқару жүйесін жаңа деңгейге көтеріп, қоқыс полигондарына түсетін жүктемені азайтуға және қоршаған ортаға кері әсерді төмендетуге мүмкіндік береді.
Басты мақсат – қалдықты жай ғана көму емес, заманауи технологиялар арқылы өңдеп, энергияға айналдыру.
Бөлісу