Турнир FIDE ережесіне сәйкес өтуде.
ERNUR.KZ. Үшінші мегаполисте қазақ қыздарының арасынан шыққан тұңғыш гроссмейстер Гүлісхан Нахбаеваның кубогі үшін кубогы үшін студенттер арасында турнир өтіп жатыр. Оған Шымкенттегі 12 колледжден 41 студент қатысуда.
Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева және оқу орындарының басшылары қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Айта кетейік, Гүлісхан Сайфуллинқызы Нахбаева – 1991 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. 2012 жылы Қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш гроссмейстер атанды. Қазақстанның алты дүркін чемпионы. 16-18 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында Азияның екі дүркін жеңімпазы. 20 жасқа дейінгілер арасында Азияның күміс жүлдегері. Әйелдер арасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Сондай-ақ, 2013 жылы Ерлер арасында халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған тұңғыш қазақ қызы.