ШЫМКЕНТТЕ «ХАЛЫҚ МҰРАСЫ – ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ» КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

0
78


ШЫМКЕНТТЕ «ХАЛЫҚ МҰРАСЫ – ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ» КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Шымкентте ұлттық өнерді насихаттауға бағытталған «Халық мұрасы – халық қазынасы» атты қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтті.

Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бұл шарада қазақ қолөнерінің сан алуан түрі, ұлттық нақыштағы бұйымдар мен заманауи үлгіде әзірленген туындылар көпшілік назарына ұсынылды.

Көрмеге 60-тан астам отандық шебер қатысып, әрқайсысы өз қолтаңбасымен ерекшеленетін бұйымдарын әкелді. Солардың бірі – BOSAGA.KZ брендінің негізін қалаушы Гүлмира Молдиярқызы. Ол ағаштан түрлі сувенир жасауды алты жылдан бері кәсіпке айналдырып келеді. Шебердің айтуынша, ұлттық нақыштағы заттарға деген халықтың қызығушылығы жылдан-жылға артып отыр.
- Осы уақыт ішінде өте үлкен жетістіктерге жеттік. Заттардың көлемі де, дизайны да өзгерді. Ұлттық нақыштағы бұйымдарға сұраныс жоғары. Өнімдерімізді бүкіл Қазақстан бойынша таратамыз», – дейді ол.
Бөлісу