Шымкентте қоғам қайраткерлеріне арналған тарихи-танымдық іс-шара өтті

0
1 311

Жастар ресурстық орталығында өтетін концерт билеттері сыйға тартылды.


Шымкентте қоғам қайраткерлеріне арналған тарихи-танымдық іс-шара өтті

Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде "Ардақтысы халқының" атты іш-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде мемлекет және қоғам қайраткерлері – ағайынды Ораз Жандосов пен Оразалы Жондосовтардың мерейтойларына орай, сондай-ақ Нәзір Төреқұловтың туылғанына 127 жыл толуына байланысты "Ардақтысы халқының" атты тарихи-танымдық іс-шара өтті.

Аталған шараға құрметті қонақтар ретінде №8 әлеуметтік оңалту орталығының емделушілері шақырылып, №62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта мектебінің өнерпаздары өз өнерлерін жиналған қауымның назарына ұсынды.

Сондай-ақ, жиын барысында қонақтарға "Нәзірдің жарық жұлдызы" фильмі (режиссер Тілеген Ахмет, сценариін жазған Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі директорының орынбасары Гүлмира Серікбаева Алдоңғарқызы) көрсетілді.

Ал,. іс-шара соңында №62 Н.Төреқұлов атындағы ЖОМ-нің өнерпаз оқушылары және мектеп директоры Әлия Асқарқызына "Алғыс хаттар" табысталып, шақырылған №8 әлеуметтік оңалту орталығының емделушілеріне музей атынан 28 қараша күні Жастар ресурстық орталығында өтетін концерт билеттері сыйға тартылды.