Автобустардың уақыт аралығының сақталмауы, көліктердің бір-бірімен жарысуы, кешкі мезгілде жүрмей қоюы сынды жағдайлардың саны әлдеқайда төмендемек.
Шымкентте қоғамдық көліктердің сапалы әрі тұрақты қызмет көрсетудін қамтамасыз ету мақсатында жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасы әзірленді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қазіргі таңда кешенді схемаға сәйкес 33 жеткізуші, 6 радиалды, 2 магистралдық, 29 орамішілік маршрутбекітілді. 1 желтоқсаннан бастап жаңа схемамен қаралған 4 орамішілікжәне 4 радиалды маршруттардың жұмысы ұйымдастырылды.
Қаладағы маршруттық желіні негізгі 78 маршрут және қосымша 9 перспективалық маршрут құрайды. Барлық маршруттарды әлеуметтік мәні бармаршруттар деп айқындау көзделіп отыр.
Схемамен қаланы құрайтын негізгі жолаушылар шоғырланатын пунктер бекітілді. ХАБ-тар үлкен сауда нүктелері мен базарларда, автовокзал мен автобекеттердің маңында орналасқан (Самал, Алаш, Айна, Жоғарғы және Көмеш бұлақбазарлары, Гиперхаус сауда орталығы).
Нәтижесінде, тұрғындар тарапынан келіп түсетін арыз-шағымдар азаяды. Атап айтқанда уақыт аралығының сақталмауы, көліктердің бір-бірімен жарысуы, кешкі мезгілде жүрмей қоюы сынды жағдайлардың саны әлдеқайда төмендемек.