​Шымкентте көкпардан ел чемпионатының ашылу салтанаты өтті

0
183

Алматы, Шымкент қалалары мен Түркістан, Жамбыл, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда, Ақтөбе, БҚО, СҚО, ШҚО, Атырау, Алматы, Қостанай облыстарынан келген 170-ке жуық шабондоз қатысуда.


​Шымкентте көкпардан ел чемпионатының ашылу салтанаты өтті

Шымкент қаласының атшабарында көкпардан жасөспірімдер арасындағы жалауын желбіреткен ел чемпионатының ресми ашылу салтанаты өтті.

Чемпионаттың ашылу салтанатына қалалық дене шынықтыру және спрот басқармасы жоғары спорт жетістіктері бөлімінің басшысы Шоқан Әбдіхалықов пен Ұлттық спорт орталығы директорының орынбасары Қарлығаш Рамазанова қатысып, барша шабандоздарға сәттілік тіледі. Сонымен қатар қала тұрғындары мен БАҚ өкілдері, сондай-ақ өңірлерден келген команда жетекшілері ашылу салтанатының куәсі болды.
Сондай-ақ, алғашқы күннің жарыс кестесі бойынша жарыстың ашылу салтанатынан бөлек көкпардан Шымкент қаласы құрамасы мен Атырау облысы құрамасы, Ақтөбе облысы құрамасы мен ШҚО құрамасы, Жамбыл облысы құрамасы мен Қарағанды облысы құрамасы және Қостанай облысы құрамасы мен СҚО құрамасының арасында тартыс кездесулер өтетін болады.
Айта кетейік, ел чемпионатына Алматы, Шымкент қалалары мен Түркістан, Жамбыл, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда, Ақтөбе, БҚО, СҚО, ШҚО, Атырау, Алматы, Қостанай облыстарынан келген 170-ке жуық шабондоз қатысуда.
Чемпионат Шымкент қаласында Алматы тас жолы, 21/24 | Атшабар (Шымкент қаласының жаңа атшабары) 11-21 қазан аралығында өтеді.
Еске салсақ, бұған дейін Шымкент қаласындағы атшабарда аударыспақтан 2007-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы 12-ші ҚР чемпионаты өз мәресіне жеткен болатын.
Жарысқа еліміздің 17 аймағы мен республикалық маңызы бар қалалардан, жалпы 185 палуан үшінші мегаполис төрінде бас қосты. Білекті де жүректі жігіттердің жарысы 3 күн бойы кіл мықтыны анықтады. Сондай-ақ жаңа атшабардың манежінде өткен додаға қала тұрғындары өз жанкүйерлеріне қолдау көрсетіп, жарыстың әділ өтуінің куәсі болды. Сонымен қатар жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, ұйымдастырушылар атынан арнайы диплом мен сертификат табысталды. Республикалық чемпионатта Шымкент қаласының спортшылары жүлдеден тыс қалмады, 1 алтын және 3 қола медаль жеңіп алған болатын.
Бөлісу