171 ауланы абаттандыру үшін сметалық құжаттама әзірленген.
ERNUR.KZ. Шымкент қаласындағы тұрғын үйлерде абаттандыру жұмыстары жүреді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Әл-Фараби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы бойынша 672 көпқабатты тұрғын үйлер 400 аулаға біріктірілген. 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін 217 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы немесе 51,2% абаттандырылып, балалар ойын алаңшасы орнатылған. Сондай-ақ, 183 көп қабатты тұрғын үйдің ауласы абаттандыру және балалар ойын алаңшасын орнатуды қажет етеді. Оның ішінде, 171 ауланы абаттандыру үшін сметалық құжаттама әзірленген.
Сонымен қатар, Астана және Алматы қалаларының тәжірибесін негізге алып және тұрғындардың сын-ескертпелерін ескере отырып, ағымдағы жылы бүгінгі таңға дейін абаттандырылмаған 15 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларын абаттандырып, суретте керсетілген элементтерін орнату жұмыстары жоспарлануда. Балалар ойын элементтері сығымдалған резенке жабыны төселген және биіктетілген алаңшаға орнатылатын болады.
Шымкенттік тұрғын әкімшілікке жұмыс тауып берді