Шымкентте көпбалалы 11 отбасыға пәтер кілті табысталды

0
1 418

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс тобымен Шымкентке келді.


Шымкентте көпбалалы 11 отбасыға пәтер кілті табысталды

Бүгін Шымкент қаласына Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сапар барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс тобымен бірге қала тұрғындарымен кездесті. Кездесу қалалық орыс драма театрында өтті.

Жұмыс тобының құрамында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Сапарбаев, Білім және ғылым министрі К.Шамшидинова, Денсаулық сақтау вице министрі Л.Ақтаева, сондай-ақ Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық комитетінің төрағасы М.Жайымбетов қатысты.

Өткен кездесуде Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салалық бағдарламалар кеңінен насихатталып, түсіндірілді. Сондай-ақ, Гүлшара Әбдіқалықова «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған тұрғын үйлердің пәтер кілтін көпбалалы 11 отбасыға табыс етті.