Шымкентте көшеден тастанды нәресте табылды

0
1 263

Дәрігерлер тастанды нәрестені құтқарып қалды.


Шымкентте көшеден тастанды нәресте табылды

Шымкентте дүниеге келгеніне екі күн болған, анасы далада қалдырып кеткен сәбидің өміріне медицина қызметкерлері араша түсіп, құтқарып қалды деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы қаланың бас дәрігері Бақытжан Позилов әлеуметтік желідегі парақшасында жария етті.

Бақытжан Позиловтың хабарлауынша, сәбиді жедел жәрдем қызметкерлері құтқарып қалған.

«Т. Рысқұлов көшесінде орналасқан жедел жәрдем колл орталығы жанында тастанды нәресте табылды, нәрестені сол маңайдағы адамдар көріп қалып колл орталыққа алып келген, өте ауыр дәрежедегі нәрестеге жедел жәрдем диспетчерлері алғашқы медициналық көмек көрсетіп аман алып қалды», - деп жазады қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысы.

Оның мәліметінше, өте ауыр жағдайдағы нәрестеге жедел жәрдем диспетчерлері алғашқы медициналық көмек көрсетіп, аман алып қалды.

Шақалақ ауруханаға жеткізілді.

Ұл бала, салмағы 3 келі. Туғанына шамамен екі тәулік болған.