Шымкентте күніне 25 тонна сүт өңдейтін цех ашылды

0
476

Жобаға 300 млн теңге инвестиция тартылған.


Шымкентте күніне 25 тонна сүт өңдейтін цех ашылды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласындағы Мәртөбе тұрғын алабында сүт өнімдерін өңдейтін цех ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жобаға 300 млн теңге инвестиция тартылған. Аталмыш цехта күніне 20-25 тоннаға дейін сүт өңделуде. Өңделген сүттен 2,5 тонна ірімшік өнімінің голланд және моцарелла түрі шығарылады. Сұранысқа қарай брынза өнімі де өндіріледі.
Кәсіпорын басшысы Полат Халаевтың айтуынша, алдағы уақытта өнім көлемін 35-40 тоннаға дейін арттырып, өнім түрін көбейтуді жоспарлап отыр. Қазіргі таңда Мәртөбеден шығарылған сүт өнімдері еліміздің барлық аймақтарын толықтай қамтып отыр екен.
Жиырма бес жергілікті тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отырған «Халаев» ЖК кәсіпорын сапа стандарты бойынша жұмыс істеп отыр.