Өткен жылы қоқыс полигонына 209,1 мың тонна қоқыс қабылданып, 52,5 мың тонна қалдық қайта өңделген.
Аумағы 34 гектар құрайтын «Ақтас-1» қоқыс полигоны тәулігіне 550-600 тонна қатты тұрмыстық қалдықтарды қабылдайды, деп хабарплайды ERNUR.KZ.
Онда 70 адам тұрақты жұмыс істейді. Санитарлық барлық талаптарға сай келетін қоқыс нысаны бүгінде «Гринлайн» ЖШС-нің жеке меншігінде. Зауытта өңдеудің барлық түрлері бойынша қалдықтар сұрыпталады. Сонымен қатар, өңделетін қалдықтың көлемін арттыру мақсатында қайта өңдеу жұмыстары да жүргізіліп отыр.
Өткен жылы қоқыс полигонына 209,1 мың тонна қоқыс қабылданып, 52,5 мың тонна қалдық қайта өңделген.
Зауытта өңдеудің барлық түрлері бойынша қалдықтар сұрыпталады. Сұрыпталып, өңдеуден өткен политэлен және пластмасса бөтелкелер қалдығынан химиялық шикізат алынған.
Алдағы уақытта қайта өңдеу зауытында қоқысты сұрыптаумен қатар, тұрмыстық қалдықтардан электр энергиясын өндіруді қолға алынып отыр. Бұл мақсатта «Ақтас-1» қоқыс полигоны аумағынан 20 гектар жер телімі қарастырылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.