5 шілдеден бастап екі ай мерзімге дейін шектеледі.
Шымкент қаласында құрылыс жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес, қазіргі таңда А-2 Алматы айналма жолын (Темірлан тас жолынан Бадам өзені арқылы өтетін көпірге дейін) қайта құру бойынша құрылыс жұмыстары басталуда.
Осыған байланысты Шымкент қаласы Әкімшілік полиция басқармасымен келісілген сызбаға сәйкес, Жиделібайсын көшесі Шардара көшесінен Гүлстан көшесіне дейін жолдың оң жақ бөлігі (оңтүстік бағытта) көлік қозғалысы үшін 2021 жылдың 5 шілдесінен бастап екі ай мерзімге дейін шектеледі.