Шымкентте құс тұмауы тіркелген жоқ

0
630

Құс тұмауы аруының алдын алу мақсатында жүргізілетін екпе жұмыстарына ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан Шымкент қаласына 201 903 доза екпе бөлінді.


Шымкентте  құс тұмауы тіркелген жоқ

Cтатистикалық мәліметке сәйкес Шымкент қаласында 1 миллионнан аса үй құсы тіркелген, оның ішінде құс фабрикаларында 606 мың бас және 394 мың бастан аса құс жеке тұрғындардың аулаларында күтіп ұсталуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Құс тұмауы аруының алдын алу мақсатында жүргізілетін екпе жұмыстарына ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан Шымкент қаласына 201 903 доза екпе бөлінді. Аталған екпелер бірінші кезекте су қоймаларға жақын орналасқан тұрғындардың үй құстарына егілді. Себебі, су қоймаларына ұшып келетін жабайы құстар құс тұмауы ауруының таралу қаупіне себепші болуы мүмкін.
Бүгінгі күнге дейін қала тұрғындары тарапынан Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының және «Ветеринариялық қызмет» МКК-ның жедел байланыс нөмірлеріне келіп түскен хабарламаларға сәйкес, 10 орыннан 342 бас үй құсының өлген жағдайы тіркелген. Олар бойынша ветеринария саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп, 20 сынама алынып, ветеринариялық зертханаға жеткізілді. Барлық сынама «теріс» нәтиже көрсетті.
Сонымен қатар, «Еуразия» бірінші телеарнасында көрсетілген Еңбекші ауданы Откорм совхоз бөлімшесі (Забадам) тұрғын алабы аумағында үй иелерінің айтуымен 100 шақты үй құсының өлуі бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде ветеринария саласындағы мамандар заң талаптарына сай жұмыстар атқарып, өлген үй құстарының құс тұмауы ауруына тән емес клиникалық белгілерін растады.

ЯҒНИ, БҮГІНГІ КҮНГЕ ДЕЙІН ҚАЛА АУМАҒЫНДА ҚҰС ТҰМАУЫ АУРУЫ ТІРКЕЛМЕДІ ЖӘНЕ ЭПИЗООТИЯЛЫҚ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ.
ЕСКЕРТПЕ: АУЛАҢЫЗДАҒЫ ҮЙ ҚҰСТАРЫҢЫЗДЫҢ ЖАППАЙ ҚЫРЫЛУЫ БАЙҚАЛҒАН ЖАҒДАЙДА ШҰҒЫЛ ТҮРДЕ ТӨМЕНДЕГІ НӨМІРГЕ ХАБАРЛАСУДЫ СҰРАЙМЫЗ.
Байланыс телефондары: Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы 24-75-37, 24-75-18.
«Ветеринариялық қызмет» МКК 45-05-22, 45-05-05, 45-05-18.