Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі 2020 жылы енгізіледі.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Шымкент қаласында орналасқан 18 ірі кәсіпорын базасында емханада бекітілген кестеге сәйкес МӘМС ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау саласындағы жаңа өзгерістер мен медициналық сақтандыру жүйесіне дайындық деңгейі бойынша ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз брифингінде қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Мархабайұлы Байдувалиев мәлімдеді.
Сонымен қатар, Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметі бойынша, қалада бекітілген жоспар бойынша 375 кәсіпорын мен 35 базар және 10 сауда орталығында түсіндіру жұмыстары жүргізілген.