Мәңгілік алауға гүл қою рәсімі – ел тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында қызмет еткен азаматтардың ерлігін ұлықтап, олардың есімін ұрпақ жадында сақтау мақсатында ұйымдастырылатын тағылымды шара.
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Шымкент қаласында Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою салтанатты рәсімі өтті.
Іс-шараға Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожаев, ішкі істер органдарының ардагерлері, сондай-ақ қорғаныс және құқық қорғау саласының қызметкерлері қатысты.
Жиналғандар ерлікпен қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, батырлар рухына тағзым етті.
Салтанатты рәсім барысында құқық қорғау саласында адал қызмет атқарып, кәсіби біліктілігімен ерекшеленген бірқатар қызметкерлерге алғыс хаттар табысталды.
Мәңгілік алауға гүл қою рәсімі – ел тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында қызмет еткен азаматтардың ерлігін ұлықтап, олардың есімін ұрпақ жадында сақтау мақсатында ұйымдастырылатын тағылымды шара. Сонымен қатар бұл рәсім жас буынның бойында патриоттық рухты қалыптастырып, ел тарихына құрметпен қарауға үндейді.
Аталған іс-шара отансүйгіштік құндылықтарды дәріптеп, бейбіт өмірдің қадірін ұғындыруға бағытталған.


