Шымкентте масаға қарсы залалсыздандыру жұмыстары басталды

0
64

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, дезинсекциялық жұмыс күшейтіліп, кезең-кезеңімен 10 рет жүргізіледі.


Шымкентте масаға қарсы залалсыздандыру жұмыстары басталды

Шымкентте зиянкестермен күрес шараларының алғашқы кезеңі басталды.

Маса және басқа да жәндіктер көбеюінің алдын алуға бағытталған жұмысқа 30 маман, 20 арнайы техника жұмылдырылған. Бұл жұмыс өзен-каналдардың жағалауы, саябақтар, гүлзарлар аумағында атқарылады.

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, дезинсекциялық жұмыс күшейтіліп, кезең-кезеңімен 10 рет жүргізіледі. Зиянкестерге қарсы арнайы сертификатталған химиялық препараттар қолданылады. Ол препарат адам мен үй жануарларына зиянсыз.
Осы орайда тұрғындардан сақтық шараларын ұстануды сұраймыз. Дезинсекцияланған аймақтарда балалардың ойнамауын және тұрмыстық заттардың өңделген жерлермен жанаспауын қадағалау қажет.
Ауланы таза ұстап, қалдық судың жиналуына жол бермеу арқылы зиянкестер көбеюінің алдын алуға болады.
Үйлер мен жеке кәсіпкерлік нысан аумақтарында залалсыздандыруды тұрғындар өз қаржысы есебінен жүргізе алады.
Бөлісу