Шымкентте «Маусымашар - 2019» фестивалі өтті

0
1 239

Үздік өнер көрсеткендер қараша айының соңында өтетін маусымның басты ойынына жолдама алды.


Шымкентте «Маусымашар - 2019» фестивалі өтті

Шымкент қаласында «Шырайлы Шымқала – жастардың көзімен» тақырыбында «JAIDARMAN» ойындары өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған тақырыптағы өнерлілер сайысының жаңа маусымы «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ, Шымкент қалалық және Түркістан облыстық Жайдарман филиалдарының, сонымен қатар, Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Шымкент қаласында бастау алды.


Атап айтсақ, бұл фестивальге 28 жайдарман тобы тіркеліп, іріктеуден 18 команда өткен және сайыс қорытындысы бойынша қараша айының соңында өтетін маусымның басты ойынына 13 топ жолдама алды.


Айта кетейік, жалпы саны 150 жайдарманшының қатысуымен өткен бұл шараның басты мақсаты – жастардың бойындағы мәдениеттілікті, рухани-адамгершілікке, өнерге, білімге деген шығармашылық ізденістерін дамыту және талантты жастарға қолдау көрсету. Сондай-ақ, жергілікті жайдарман топтарын ішкі чемпионаттың арқасында Республикалық деңгейде өткізілетін телевизиялық жобаларға дайындау болып есептеледі.