Шымкентте мәжіліс депутаты журналистермен кездесті

0
695

Кездесу барысында халық қалаулысы журналистермен еркін пікір алмасып, ел өміріндегі маңызды мәселелерді талқылады.


Шымкентте мәжіліс депутаты журналистермен кездесті

Шымкенттегі Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Фахриддин Қаратаев жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мәжілісмен журналистерге Парламент қабырғасында атқарып жатқан жұмыстары, елімізде жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың барысы туралы баяндады.

Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутат ретінде біз үшін этносаралық татулық пен қоғамдық келісім мәселесі айрықша маңызға ие. Бүгінде елімізде барлық этностардың тілі мен мәдениетін, ұлттық салт-дәстүрін сақтауға жағдай жасалған. Ұлттық мектептердің, театрлар мен ақпарат құралдарының жұмыс істеп тұрғаны – соның айғағы. Түрлі этнос жастарының білім алуына, кәсіппен айналысуына, қоғамдық өмірге белсене араласуына ешқандай кедергі жоқ. Осы орайда, журналистер қауымы Қазақстан халқының ынтымақ-бірлігін нығайта түсетін, түрлі этнос өкілдерінің татулығы мен достығын насихаттайтын материалдарды көбірек таратса, ал, жалған хабарлар мен арандатушы ақпараттардан аулақ болса деген тілегіміз бар, – деді Ф.Қаратаев.
Кездесу барысында халық қалаулысы журналистермен еркін пікір алмасып, ел өміріндегі маңызды мәселелерді талқылады.