Шымкентте медициналық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

0
101

Мұнда инсульт орталығы, перзентхана, балалар бөлімі, хирургия, гинекология, патология, терапия, жүйке және жұқпалы аурулар, сондай-ақ жансақтау бөлімшелері жұмыс істейді.


Шымкентте медициналық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Шымкент қаласында денсаулық сақтау нысандарын жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді.

Соның бірі – Сайрам тұрғын алабында орналасқан Шымкент қалалық №3 ауруханасы.

Аталған медициналық мекеменің бас ғимараты қазіргі таңда күрделі жөндеуден өтуде. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2025 жылдың желтоқсан айында басталып, 2027 жылы аяқталады деп жоспарлануда.
Бүгінде көпсалалы медициналық көмек көрсететін аурухана 263 төсек-орынға есептелген. Мұнда инсульт орталығы, перзентхана, балалар бөлімі, хирургия, гинекология, патология, терапия, жүйке және жұқпалы аурулар, сондай-ақ жансақтау бөлімшелері жұмыс істейді.
Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін медициналық қызмет сапасы артып, тұрғындарға көрсетілетін көмектің қолжетімділігі мен тиімділігі жақсарады деп күтілуде.
Бөлісу