Шымкентте мемлекеттік қызмет түрлері 100% электронды форматқа көшеді

0
784

Бүгінде Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан 160 қызмет түрі ұсынылады. Оның 132-сі электронды 28-і қағаз түрінде.


Шымкентте мемлекеттік қызмет түрлері 100% электронды форматқа көшеді

Шымкентте мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру деңгейін арттыру нәтижесінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың тікелей байланыстары азайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінде Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан 160 қызмет түрі ұсынылады. Оның 132-сі электронды, 28-і қағаз түрінде. Өткен жылы электронды 91, қағаз түрінде 90 қызмет көрсетілген.

Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары Рашид Мыңбаевтың айтуына қарағанда, 160 мемлекеттік қызметке талдау жүргізілген. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, тек қағаз жүзінде көрсетілетін 28 мемлекеттік қызмет түрін ағымдағы жылдың соңына дейін электронды форматқа ауыстыру бойынша тапсырмалар беріліп, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Сондай-ақ, ашық бюджеттердің интерактивті картасы бойынша Шымкент қаласының мекемелерінің жалпы соммасы 1 трлн. 28, 5 млрд. теңге бюджеті жарияланған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің 1424 Call-орталығы мен «Шымкент – адалдық алаңы» жобасын халық арасында кеңінен таныту мақсатында арнайы дайындалған эскиздер қала көшелерінде 27 билбордта орнатылып, LED-экрандарда (тәулігіне 300 ретке дейін) көрсетілуде.