Қатысушылар күн тәртібіндегі мәселе бойынша өзара пікір алмасты.
ERNUR.KZ. Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік сатып алуға байланысты істерді қарау тәжірбиесі туралы» тақырыбында «дөңгелек үстел» мәжілісі өтті.
Мәжіліске Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьялары, Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық Экономикалық сотының төрағасы мен судьялары, сонымен қатар Шымкент қаласы әкімінің аппараты мен аудан әкімдері аппаратының заңгерлері, Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемелекеттік аудит департаментінің басшысы орынбасары мен Шымкент қаласындағы басқармалардың бөлім басшылары мен Денсаулық сақтау басқармасына қарасты мекемелерінің өкілдері қатысты.
Қалалық соттың судьясы Тамара Қалиқызы жиынды ашып, күн тәртібіндегі тақырыптың маңыздылығын атап өтті.
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық Экономикалық сотының судьясы Л.Қалдиева баяндама жасады.
«Бүгінгі талқылайтын тақырып: мемлекеттік сатып алуға байланысты істерді қарау тәжірибесі: жосықсыз қатысушы деп тану, өсімпұл өндіріп алу, шартты бұзуды заңсыз деп тану және шартты жарамсыз деп тану туралы. Аталған санаттағы істерді қарау барасында соттармен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидасы мен «Соттардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулысы қолданылады.
2024 жылдың 3 айында барлығы өткен жылдың қалдығымен қосқанда 379 талап қоюлар түскен. Соның ішінде кері қайтарылғандар саны - 29, аяқталғаны - 293 іс. Сот шешімімен 230 іс аяқталып, 196 – сы қанағаттандырылып, 34 іс бойынша қанағаттандырудан бас тартылған. 5 іс соттылығы бойынша, 16 іс эксаумақтық соттылығы бойынша жолданған. Қысқартылғаны - 18, ал, қараусыз қалдырылғаны – 24 іс. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану бойынша арыз берудің негізгі себептері, бұл жеткізіп берушілердің мемлекеттік сатып – алу келісім шарты бойынша өз міндеттемелерін орындамау немесе тиісті түрде орындамауы» - деп айтып өтті.
Қатысушылар күн тәртібіндегі мәселе бойынша өзара пікір алмасты.
Іс-шараны қорытындылай келе, Тамара Қалиқызы күн тәртібіндегі талқыланған мәселелердің өзектілігін айтып, қатысушыларға пікір бөліскендері үшін алғысын білдірді.