Шымкентте мемлекеттік туды салтанатты түрде көтеру рәсімі өтті

0
2 118

Б.Нарымбетов: «Туымыз әр мекемеде, тіпті әр үйде ілініп тұрса да артықтық етпейді».


Шымкентте мемлекеттік туды салтанатты түрде көтеру рәсімі өтті

Шымкент қаласындағы «Шымкент Плаза» сауда - ойын-сауық орталығында мемлекеттік туды салтанатты түрде көтеру рәсімі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Атап айтсақ, Қазақстандамемлекеттік рәміздерді насихаттау және жастарды патриотизмге тәрбиелеу мақсатында «Nur Otan» партиясының «Менің Туым – менің Отаным» атты республикалық патриоттық акциясы басталған.

Аталған акция аясында бүгін Шымкент қаласындағы ең ірі «Шымкент Плаза» сауда - ойын-сауық орталығында мемлекеттік туды көтеру рәсімі ұйымдастырылды. Шымкент қалалық мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекеме басшылары мен «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері және қала тұрғындары мен қонақтары қатысқан іс-шара барысында аталған орталыққа жиналған барша адам Қазақстан республикасының әнұранын орындап, көк ту көкке көтерілді және «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалының басшысы Нарымбетов Бахадыр Мәдәліұлы бұл бастама жайлы өз пікірін айты.

«Алматыдағы «Медеу» мұз айдынында басталған акция Шымкентте жалғасын тауып жатыр. Ал «Шымкент Плазаны» таңдаған себебіміз бұл – қаланың бетке ұстар ең үлкен сауда орталығы. Бүгінгі бастамаға қарап, басқа сауда орталықтары да мемлекеттік туды орнатады және ол біздің патриоттық рухты, жастардың Отансүйгіштік рухын оятады деп ойлаймын. Біз Алланың бергені, ата-бабамыздың аманаты болғандықтан қазақты, қазақстандықтарды біріктіретін мемлекеттік рәміздерді жас пен ұлтқа қарамай құрметтеуіміз керек. Туымыз әр мекемеде, тіпті әр үйде ілініп тұрса да артықтық етпейді, керісінше бірлігімізді, мақсатымыз бен еліміздің бір екенін көрсетеді», - деді Бахадыр Мәдәліұлы.


Сонымен қатар, аталған игі акцияға қатысқан «Жас Отан» жастар қанатының белсенді мүшелері де мемлекеттік рәміздерді құрметтейтіндіктерін жеткізіп, барша жастарды осы бастамаға үлес қосуға шақырды.