​Шымкентте мыңға жуық әскери қызметшілер Наурызнама онкүндігі аясында өткен бұқаралық жүгіруге қатысты

0
182


​Шымкентте мыңға жуық әскери қызметшілер Наурызнама онкүндігі аясында өткен бұқаралық жүгіруге қатысты

ERNUR.KZ. Көктем мерекесі Наурызға орай ұйымдастырылған спорттық акция алтыншы механикаландырылған бригаданың саптық алаңында басталды.

Жүгіру басталар алдында Шымкент гарнизонының бастығы подполковник Сергей Бибулатов әскери қызметшілерге белсенділік танытқандары үшін алғыс айтып, оларды бірлік, достық, үйлесім мен жаңаруды білдіретін келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтады.
Бөлім командирлерінің ырғақты ұрандарына сәйкес әскери қызметшілер бес шақырымдық қашықтықты бағындырды.
“ Бізбен қатар бригада командиріміз де жүгірді, бұл бізді жігерлендіріп, күш-қуат берді. Барлық қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтап, елге бейбітшілік пен жақсылық тілеймін “, — деп бөлісті алтыншы механикаландырылған бригаданың мерзімді әскери қызметшісі қатардағы Төле Сүгірали.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар салауатты өмір салтын насихаттауға, дене дайындығын нығайтуға және әскери ұжымның бірлігін арттыруға ықпал етеді. Ортақ мақсат жолында бірігіп, жауынгерлер тәртіптілікті, төзімділікті және жоғары командалық рухты көрсетті.