Шымкентте 1050 нысан мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін ыңғайластырылды

0
2 334

Биыл бейімдеуден өтетін 75 әлеуметтік нысанның тізімі анықталды


Шымкентте 1050 нысан мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін  ыңғайластырылды

Шымкент қаласында әлеуметтік нысандарда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2014-2020 жылдары аралығында Шымкентте 1050 нысан мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жүріп-тұруына ыңғайластырылды.
Өткен жылы қолжетімді орта қалыптастыру мақсатында 4 ауданда 55 ғимаратта бейімдеу жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі таңға дейін аудан әкімдіктері тарапынан 2021 жылға паспорттаудан және бейімдеуден өтетін 75 әлеуметтік нысанның тізімі анықталды. Бүгінде осы мақсатта құрылған арнайы комиссия жұмысын жалғастыруда.