Қордың несие өнімдерін, олардың шарттары мен талаптарын түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді.
Шымкент қаласында "Еңбек" Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасының аясында семинар өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қаласында "Еңбек" Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасын жұмыссыз, аз қамтылған азаматтар мен көп балалы отбасыларға түсіндіру мақсатында "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Түркістан филиалының, "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының, Жұмыспен қамту орталығының және Жастар ресурстық орталығы өкілдерінің қатысуымен семинар өтті.
Аталған семинар барысында "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Түркістан филиалының несие бөлімінің бастығы Нұржан Стамбеков пен бас менеджер Азат Муйтембаев бағдарлама аясында Қордың несие өнімдерін, олардың шарттары мен талаптарын түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді.