Шымкентте оқушы жұмбақ жағдайда қайтыс болды

0
1 168

Оқушы 30 наурыз күні Шымкентте қайтыс болған.


Шымкентте оқушы жұмбақ жағдайда қайтыс болды

Шымкент қаласында Назарбаев мектебінің оқушысы жұмбақ жағдайда қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оқушы 30 наурыз күні Шымкентте қайтыс болған. Қайғылы оқиға 31 наурызда белгілі болды. Алдын ала болжам бойынша 9-сынып оқушысы 13 қабаттан құлап кеткен. Бұл қайғылы оқиға немесе суицид болды ма, оны тергеушілер анықтайтын болады.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы жасөспірімнің қаза болғанын растады.

«Ол шамамен 15 жасар жасөспірім. Мүрде көпқабатты үйдің ауласынан кешкі сағат 20-лар шамасында табылған», - деді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Ғалымжан Әбішев.
Шымкент қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты кейінірек түсініктеме беруге уәде етті.

Білім басқармасындағылар оқушының қазасын тек бүгін ғана ресми түрде растады. Айта кетейік, қайтыс болған жасөспірім Назарбаев мектебінің 9 сынып оқушысы болған.

Дереккөз: Elitar.kz