Шымкентте ортақ пайдалану орындарын ластағандар жауапқа тартылды

0
160

Қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында күн сайын бейнебақылау камералары арқылы мониторинг жүргізіледі.


Шымкентте ортақ пайдалану орындарын ластағандар жауапқа тартылды

Шымкентте қала тазалығы мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда.

Акция аясында полиция қызметкерлері тиісті қызметтермен бірлесіп, абаттандыру қағидаларын бұзу, ортақ пайдалану орындарын ластау және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ олардың жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізуде.

Қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында күн сайын бейнебақылау камералары арқылы мониторинг жүргізіледі. Олардың көмегімен ортақ пайдалану орындарына қоқыс тастау, қоғамдық орындарды ластау және басқа да құқық бұзушылықтар анықталуда.
Мәселен, бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық орындарда темекі шегіп, темекі тұқылдарын жерге тастаған азаматтар анықталды. Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік шаралар қабылданды.
Полиция қызметкерлері қала тазалығы мен қоршаған ортаны қорғау әрбір тұрғынның ортақ жауапкершілігі екенін еске салады. Тазалықты сақтап, қарапайым мәдениет талаптарын орындау арқылы әр тұрғын қаламыздың көрікті, таза әрі жайлы болуына өз үлесін қоса алады.
Бөлісу